Жамбыл облысы, Жуалы ауданы №14 Б. Майлин атындағы орта мектеп директорының 2020 жылдың I жартыжылдық есебі » Средняя школа им. Майлина
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Майлин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 35 5-24-95
Есепші бөлімі:
+7(726) 35 5-24-95
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жамбыл облысы, Жуалы ауданы №14 Б. Майлин атындағы орта мектеп директорының 2020 жылдың I жартыжылдық есебі
28
май
2020

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы №14 Б. Майлин атындағы орта мектеп директорының 2020 жылдың I жартыжылдық есебі

Мектеп директорының  2020   жылдың 

жартыжылдық есебі

2020 жылдың  I жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы есебімді  ашық деп жариялаймын.

      2019-2020 оқу жылында  мектебімізде 1-11 сыныпта 169 оқушы,даярлық тобында 15 оқушы білім алды.Оның ішінде 3 оқушы үйде оқытылды.Оқушылардың білім сапасы 71%-ды құрап,үлгерім 100%-ды құрады.Үздік оқушы саны – 42,екпінді оқушылар саны – 73,орташа оқитындар – 54.Биыл 8 оқушы мектепті аяқтап,ҰБТ-ға қатысуға 8 оқушы онлайн өтініш білдірді,яғни ҰБТ – ға қатысу 100 % құрайды. «Үздік аттестат» иесі 2 оқушы.Биыл бітірген 9-11 сынып оқушылары қорытынды емтихан тапсырмайды,барлығы жылдық бағамен негізгі және орта білім аттестатын алады.Мектепте 11 сынып,1 даярлық   топ бар.Мектебімізде  толық емес отбасы саны -3,бала саны – 6,көп балалы отбасы – 16,бала саны -43,аз қамтылған отбасы саны -15,бала саны – 27,жайсыз отбасы жоқ яғни анықталмаған.IV тоқсанды оқушылар пандемияға  байланысты қашықтықтан оқытылды.Барлық оқушылар Балапан және Еларна телеарналарынан видео сабақтарды көріп,пән мұғалімдерінен whatsapp желісі арқылы тапсырмалар алып,оқушылар кері байланыс жасап отырды.Сонымен қатар оқушылар мен мұғалімдер төтенше жағдай кезінде  қашықтық олимпиадаларына  белсенді қатысып,дипломдармен марапатталды.Мұғалімдер төтенше жағдай кезінде  Darin.Online,Kundelik.kz,Bilimlend.kz білім беру платформаларын пайдаланды.Оқушылардың кітаппен қамтылуы 100%.III тоқсаннан бастап электронды мобильді кітапхана жүйесі жұмыс жасауда.Мектепте робототехника кабинеті жабдықталған.Кабинетте 6 дана ноутбук бар.1  инклюзивті кабинет  толық жабдықталған.

        2019-2020 оқу жылында 50 оқушы  бірмезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылды. Тамақтану бағасы-450 теңге. Мектеп асханасын ЖК «Арсланов Р» келісім шарт негізінде жалға алған.1 аспазшы  жұмыс жасады. Материалдық  көмек    35 оқушыға  берілді.Мектепке жол акциясында 3 оқушыға көмек көрсетті.Елімізде болып жатқан жағдайға байланысты 6 отбасыға азық-түлікпен,ауылымыздың белсенді азаматтарды көмек көрсетті.Елімізде болып жатқан жағдайға байланысты,мектеп жанындағы лагерь тоқтатылды.Қала сыртындағы лагерге 7 оқушы   барады.

       Мектептің тәрбие  бағытындағы жұмыстар жоспарлы түрде  атқарылып келеді,оқушылар арасында  2020   жылдың I жарты жылдығында құқық бұзушылық орын алған жоқ және 10 күннен артық сабаққа себепсіз келмей жүрген оқушылар жоқ .Мектеп инспекторымен тығыз байланыс орнатылып ,бірлесіп жұмыс жасауда.Түнгі мезгіл кезінде  заңды өкілдерсіз  балалар   көшеде жүрмеуін  қадағалау мақсатында үнемі рейд жасалынып,сауалнамалар және түсіндірме жұмыстары  жүргізілді.

        Оқушының бос  уақытын ұйымдастыру бойынша  жоспар жасалынып,барлық оқушылар III  тоқсанда ақысыз үйірме сабақтарына қатысты.Атап  айтсақ баскетбол,валейбол,шахмат,тоғызқұмалақ, т.б үйірмелері.Ал IV тоқсанда оқушылар қашықтықтан  іс-шараларға қатысып,белсенділігі үшін марапатталды. Атап айтсақ 22 – наурыз-Наурыз мерекесі,1- мамыр Бірлік және ынтымақ мерекесі,9- мамыр Жеңіс күнінде бастауыш сыныптары суреттер салып,құттықтаулар онлайн жолдады.Ал жоғарғы  сыныптар,сынып жетекшісімен бейне-ролик жасап,белсенділік білдірді.Құрметті қамқоршылық кеңес мүшелері,ата-аналар 2020 жылдың  I жарты жылдықта барлық атқарылған жұмыстар жоспар бойынша өтті деп есептеймін.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив