№14 Б.Майлин атындағы орта мектебінің директоры С.Жайықбаевтың 23.10.2018 жылы Қамқоршылық кеңесінің алдында берген есеп беру жиналысынан » Средняя школа им. Майлина
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Майлин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 35 5-24-95
Есепші бөлімі:
+7(726) 35 5-24-95
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №14 Б.Майлин атындағы орта мектебінің директоры С.Жайықбаевтың 23.10.2018 жылы Қамқоршылық кеңесінің алдында берген есеп беру жиналысынан
30
октябрь
2018

№14 Б.Майлин атындағы орта мектебінің директоры С.Жайықбаевтың 23.10.2018 жылы Қамқоршылық кеңесінің алдында берген есеп беру жиналысынан

№14 Бейімбет Майлин атындағы орта мектебінде өткізілген мектеп директорының есеп беру жиналысының

Хаттамасы

Ақбастау ауылы
Қатысқандар: «23» қазан 2018 жыл
Сағат: 13.00
1. Мектеп директоры - С.Ж.Жайықбаев
2.Қамқоршылық кеңесінің төрағасы - Ж.Сейдалиев
3.Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің саны –7 (Кеңестің 2 мүшесі белгілі бір себептермен жиналысқа қатыса алмады);
ЖПҚ ЮПТ УПИ-нің полиция капитаны Ә.Жұмашев

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1. Мектеп директоры С.Ж.Жайықбаевтың Қамқоршылық кеңесінің алдында 2018-2019 оқу жылының І-ші жартыжылдығына есеп беруі.
2. АІІБ-нің ЖПҚ ЮПТ УПИ-нің полиция капитаны Ә.Жұмашевтың кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында мектеппен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес атқарған жұмыстары туралы есебі.

Тыңдалды: Жиналысты №14 Бейімбет Майлин атындағы орта мектебінің директоры С.Ж.Жайықбаев ашып, 2018-2019 оқу жылының І-ші жарты жылдығында мектепте оқу-тәрбие ісі бойынша атқарылған іс-шаралар туралы есеп берді.
«Есеп берудің негізгі мақсаты – мектеп директорының білім беру мекемесінде атқарып отырған қызметі мен басқару қызметінің ашықтығын қаматамасыз ету» - дей келе С.Ж.Жайықбаев мектептің материалдық-техникалық базасы, оқушы контингенті, пән мұғалімдерінің сапалық құрамы, тәрбие саласы, мектеп психологы мен тәлімгерінің жұмыстары, «Мектепке жол» акциясы, толық емес, көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына көрсетіліп отырған көмектер, үйде оқытылатын балалар, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және Елбасының 05.10.2018 Жолдауы аясында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы ауқымды түрде мағлұмат беріп, интер белсенді электронды тақта арқылы слайдтар көрсетті. Мектебіміз ҰБТ көрсеткіші бойынша 100 пайыз білім сапасын көрсетті.2 білімгеріміз ақылы бөлімге тусті.
Аз қамтылған және әртүрлі көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балалар мектеп асханасынан бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.Ыстық тамақпен қамтылған балалар саны – 50.Жалпыға бірдей білім беру қорынан балаларға қыстық аяқ киім және сырт киіммен қамтамасыз етілді.Денсаулығына байланысты үйде оқытылатын 3 оқушы бар.Мектеп жанындағы лагерьде 40 бала демалды.Қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерінде 9 бала демалып қайтты.Жалпы мектептің даму жоспары бойынша жоспарланған іс-шаралар жүзеге асырылып,алдағы уақытта жалғасын табады.
Тыңдалды: АІІБ-нің ЖПҚ ЮПТ УПИ-нің полиция капитаны Ә.Жұмашев кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында мектеппен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес атқарған жұмыстары туралы есеп берді.
«2018 жылдың 17-27 қыркүйек аралығында мектепішілік мобильдік топ мүшелерінің, аудандық ішкі істер бөлімінің ювеналды полиция қызметкерлерінің және жергілікті атқарушы орган мамандарының қатысуымен рейдтік іс-шаралар өткізілді.Мектеп тарапынан мектеп оқушыларымен және ата-аналармен құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, түнгі мезгілде үлкендерсіз жалғыз жүрмеу, түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болмау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жалпы алғанда осы уақытқа дейін жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында ешқандай құқық бұзушылықтар, кәмелетке толмаған мектеп оқушыларының сағат 23.00-ден кейін заңды өкілдерінсіз сыртта жүру фактілері, ойын-сауық орындарында болуы, құқық бұзушылық фактілері және сабақтан қалу мен бала еңбегін қанау, ата-аналық міндетін дұрыс атқармау жағдайлары тіркелген жоқ».
Өз есебінің соңында Ә.Жұмашев аудан көлемінде орын алған келеңсіз жағдайларға тоқталып өтті.

Сөйледі: Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Сейдалиев Жұмаділсөз алып, мектеп директоры С.Ж.Жайықбаевтың және АІІБ-нің ЖПҚ ЮПТ УПИ-нің полиция капитаны Ә.Жұмашевтың есебі бойынша өз ойын білдіре келе, берілген есепті «қанағаттанарлық» деп бағалады.


Есеп беру жиналысы соңында төмендегідей шешім шығарылды:

Мектеп директоры С.Ж.Жайықбаевтың 2018-2019 оқу жылының І-ші жарты жылдығына арналған есебі және АІІБ-нің ЖПҚ ЮПТ УПИ-нің полиция капитаны Ә.Жұмашевтың кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында мектеппен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес атқарған жұмыстары туралы есебі «қанағаттанарлық» деп танылсын.




Жиналыс төрағасы: С.Ж.Жайықбаев

Хатшысы: Ж.М.Аширбаева
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив