04
декабрь
2018
"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" ақппараттық науқаны
№14 Б.Майлин атындағы орта мектебінде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны барысында өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет
(2018 жылғы 12-23 қараша)
Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «09» қараша 2018 жылғы №13-03-390 хатына сәйкес мектепте 2018 жылдың 12-23 қарашасы аралығында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны өткізілді. Мектепте ақпараттық науқанның өткізілуі туралы бұйрық шығарылды, іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Мектеп сайтында ақпараттық науқан туралы хабарлама орналастырылды.
Ата-аналар мен оқушыларға балаларға қатысты қатыгездік жасалған жағдайда көмек көрсету қызметтері туралы ақпараттық парақшалар таратылды.
Айлық барысында барлық сыныптарда «Бақытты отбасы», «Зорлық-зомбылыққа төтеп берейік!», «Балалық шақ қорғалуда» тақырыптарымен сынып сағаттары өтті.
12-13 қараша күндері 5-11 сынып оқушылары, жалпы саны – 95 бала (2 бала белгілі себептермен қатыса алмады) республикалық балалардың құқықтық сауаттылығын анықтау, әлеуметтік жағдайын саралауға арналған он-лайн сауалнамаға қатысты.
12 қараша күні сағат 11:30-да 8-11 сынып оқушыларымен жиналыс өтті. Жиналысқа АІІБ ЖПҚ ЮПТ инспекторлары, полиция капитандары Ә.Жұмашев және С.Сариев қатысты.
Қатысқан оқушылар саны – 46
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Құқық бұзушылықтың алдын алу, мектепке смартфон ұялы телефондарын әкелмеу туралы.
2. Өндірушісі күмән тудыратын, құрамында адам ағзасы үшін зиянды психотропты заттары бар кондитер өнімдерін пайдаланбау туралы.
3. Әр түрлі мәселелер.
Полиция капитаны С.Сариев ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442 бап 2-бөлімінде көрсетілгендей кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі сағат 23.00-ден таңғы сағат 06.00-ге дейін үй-жайдан тыс жерлерде жүруге болмайтынын және 127 бап бойынша 10 күн себепсіз сабақтан қалған жағдайда айыппұл салынатынын, мектепке смартфон ұялы телефондарын ұстап келуге қатаң тыйым салынатынын ескертті.
С.Сариев оқушыларға өндірушісі күмән тудыратын, құрамында адам ағзасы үшін зиянды психотропты заттары бар кондитер өнімдерін пайдаланбау керектігін қатаң ескертті. Сондай өнімдерді саудалап жүрген күмәнды азаматтарды байқап қалған жағдайда мектеп мұғалімдеріне, АІІБ-не жедел түрде хабарлау қажеттігін айтып өтті. Сөз соңында С.Сариев аудан көлемінде орын алған бірқатар мәселелерге мысалдар келтіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
14-15 қараша күндері қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Д.Қаржаулова 11-сынып оқушылары арасында «Әлемді зорлық-зомбылықсыз құру жолдары» деген тақырыппен, 15-16 қараша күндері қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Муриева «Қатыгездіксіз әлемді қалай орнатуға болады?» деген тақырыппен 9-10 сынып оқушылары арасында эссе байқауын ұйымдастырды. Байқау нәтижесінде 11-сынып оқушысы Кенжебек Аружан және 10-сынып оқушысы Әбдіқадір Сәния жеңімпаз атанып, Алғыс хаттармен марпатталды.
Педагог-ұйымдастырушы Г.Сейдалиева және тәлімгер Ж.Аширбаева мектеп дәлізінде 19-22 қараша күндері «Бақытты отбасы!» тақырыбымен фотокөрме ұйымдастырды.
20-22 қараша күндері мектеп психологы З.Раимбекова 8-11 сынып оқушыларынан Бопсалау, зорлық-зомбылық, жыныстық тиіспеушілікке жасырын сауалнама алды. Сауалнамаға жалпы саны 47 оқушы қатысты. Сауалнама нәтижесі бойынша ешқандай бопсалау, күш қолдану, зорлық-зомбылық, қысым көрсету жағдайлары анықталған жоқ.
21 қараша күні сағат 13.00-де әлеуметтік педагог Т.Арқұл және әлеуметтік талдаушы А.Жаманқұлдың ұйымдастыруымен мектеп спортзалында «Біз бақытты баламыз!» айдарымен флешмоб өтті.
12-23 қараша күндері мектепішілік мобильдік топ мүшелері 3 рет «Түнгі ауылдағы балалар», «Көше» рейдтеріне шықты. Жүргізілген рейдтер барысында көңіл көтеретін ойын-сауық орындарына барған, түнгі сағат 23.00-ден таңғы сағат 06.00-ге дейін үй-жайдан тыс жерлерде жүрген мектеп оқушылары анықталған жоқ. Мектепке смартфон ұялы телефондарын ұстап келуге қатаң тыйым салынды және мектеп әкімшілігі тарапынан күнделікті қадағалау жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы алғанда ақпараттық науқан барысында ешқандай құқық бұзушылық оқиғалары, бопсалау, зорлық-зомбылық көрсету және басқа да келеңсіз жағдайлар орын алған жоқ.