04
декабрь
2018
"Бала құқығы - адам құқығы" он күндігі
№14 Б.Майлин атындағы орта мектебінде «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында 2018 жылдың 19-30 қараша аралығында өткізілген онкүндіктің мәліметі
№14 Б.Майлин атындағы орта мектебінде 2018 жылдың 19-30 қарашасы аралығында «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбымен онкүндік өтті. Онкүндіктің іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Мектеп сайтында онкүндік туралы хабарлама орналастырылды.
Онкүндік барысында барлық сыныптарда «Құқықтық мәдениет – бала қауіпсіздігінің кепілі» тақырыбымен сынып сағаттары өтті.
22 қараша күні ДТІЖО С.Қатабаев, мектеп психологы З.Раимбекова, әлеуметтік педагог Т.Арқұлдың ұйымдастыруымен «Конвенция – балалық шақты қорғаудың кепілі» тақырыбымен 8-10 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында оқушылар Бала құқығы туралы халықаралық Конвенция жайында кең мағлұмат алды.
29 қараша күні мектеп психологы З.Раимбекова 10-11 сынып оқушыларымен «Өмірдегі өз ағысыңды тап!» тақырыбымен тренинг өткізді. Тренингтің тақырыбындағы «Өмір» деген сөзге мағлұмат беру мақсатында бір шумақ өлең оқылып, тренингтің жүру жағдайы түсіндірілді. Оқушылар үлкен шеңберге тұрып, мұғалімнің жасаған қимылдарын қайталады. Әрбір жасалған іс-қимыл өз ретімен жүріп отырды. Содан кейін «орын иемдену» ойыны ойнатылды. Бұл ойынның негізгі мақсаты: көңіл-күйді көтеру. Ойында үш рет ұтылған Әбдіқадір Сәния, Манатбек Ақтоты, Кенжебек Бақыт, Алтай Бектас, Жандаралы Бақыт өз өнерлерін ортаға салды. Ал жеңімпаз атанған Кенжебек Аружанға алғыс білдірілді.
Тренингті қорытындылай келе З.Раимбекова оқушыларға өмірдің қымбат екенін, өз өмірімізді бағалай білу керектігін түсіндірді.
27-30 қараша күндері 8-11 сынып оқушыларынан құқықтық сауаттылық туралы сауалнама алынды. Сауалнамаға 47 оқушы қатысты. Сауалнама қорытындысы бойынша оқушылардың құқықтық сауаттылық деңгейлері орташадан жоғары болды.
28-30 қараша күндері қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаржаулова Д. «Мен және менің құқығым» тақырыбымен 9-11 сыныптар арасында шығармалар байқауын ұйымдастырды. Шығарма байқауында 11-сынып оқушылары Мәдібек Мақпал және Кенжебек Аружан жеңімпаз атанып, Алғыс хаттармен марапатталды.
29 қараша күні сағат 13.00-де әлеуметтік педагог Т.Арқұл және әлеуметтік талдаушы А.Жаманқұлдың ұйымдастыруымен мектеп спортзалында «Біз бақытты баламыз!» айдарымен флешмоб өтті. Флешмобқа 7-9 сынып оқушылары қатысты.
Онкүндік ішінде мектепішілік мобильдік топ мүшелері 2 рет (21 қараша, 24 қараша) «Түнгі ауылдағы балалар», «Көше» рейдтеріне шықты. Жүргізілген рейдтер барысында көңіл көтеретін ойын-сауық орындарына барған, түнгі сағат 23.00-ден таңғы сағат 06.00-ге дейін үй-жайдан тыс жерлерде жүрген мектеп оқушылары анықталған жоқ.
Жалпы алғанда онкүндік барысында ешқандай құқық бұзушылық оқиғалары, басқа да келеңсіз жағдайлар орын алған жоқ.