"Елін сүйген, Елі сүйген - Елбасы" » Средняя школа им. Майлина
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Майлин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 35 5-24-95
Есепші бөлімі:
+7(726) 35 5-24-95
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Елін сүйген, Елі сүйген - Елбасы"
03
декабрь
2018

"Елін сүйген, Елі сүйген - Елбасы"

Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»
Мақсаты:
1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету.
Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге
тәрбиелеу.
жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар 1-Желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты мерекелік іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз.

ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген
Лебізіңнен ол арманы өрілген
Сенің арқаң - Қазақстан көркейіп
Достық әні шарықтады төрімнен

Ән: Байжұман Б

Жаттау: Хамзабек М
Атыңнан айналайын, Егемен ел!
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер
Мерейің құтты болсын Нұр ата,
Ғасырдың тойы болшы келе берер
Болашағы Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы
Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан
Халқымыздың таңдап алған таңдауы

Ән: Серғазы Д

Жүргізуші:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаға барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

Жаттау; Айтбаева Д

Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам


жүргізуші:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
1991 жылдың 16-желтоқсанында Қазақстан Республикасы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
Мемлекеттік тудың ұзындығы - 2 метр, ені – 1 метр. Тудың жобасын жасаған суретші Шәкен Ниязбеков 1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді. 1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР – ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

Жаттау: Жандаралы Ж

Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата - баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп хәліміз адам құқын қорғайды.
Халқым айтқан ел көтерер жер даңқын
Елім айтқан жер көтерер ел даңқын
Президентім аман болғай ел басы
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым
Аман бол ел ардағы, ел арманы,
Сезімің - қызғалдақ гүл қоғамдағы.
Батырсың баяғыдан күткен еліңнің,
Шақырсын тек бақытқа жол алдағы.

жүргізуші:
Кезінде Н.Ә.Назарбаев «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам қазақ деген халықты дүниежүзіне танытып терезесін тең етер едім»деп армандаған болатын. Жасыратыны жоқ бүгінде асқақ арманы орындалды. Қазақты дүние жүзі таныды. Оның кең байтақ даласының қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі. Ал ел өміріндегі осындай маңызды тарихи кезеңдерде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесінің зор екендігіне ешкімнің күмән келтірмейтіні тарихи шындық.

Ән: Байжұман К

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!



















Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив