Құқық айлығы » Средняя школа им. Майлина
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Майлин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 35 5-24-95
Есепші бөлімі:
+7(726) 35 5-24-95
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
декабрь
2018

Құқық айлығы

№14 Бейімбет Майлин атындағы орта мектебінде 2018 жылдың 10 қазаны мен 20 қарашасы аралығында құқықтық білім мен құқық бұзушылықтың алдын айлығында өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының «04» қазан 2018 жылғы №580 бұйрығына сәйкес мектепте 2018 жылдың 10 қазаны мен 20 қарашасы аралығында құқықтық білім мен құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы өткізілді. Мектепте айлықтың өткізілуі туралы бұйрық шығарылды, іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді.
Айлық барысында барлық сыныптарда «Құқықтық мәдениет – бала қауіпсіздігінің кепілі» тақырыбымен сынып сағаттары өтті.
Жоспар аясында 17 қазан күні мектеп психологы З.Раимбекова 8-11 сынып оқушыларына «Ертеңіңді ойласаң, есірткіге жолама!» тақырыбында дәріс оқыды.
Қатысқан мұғалімдер саны – 9
Оқушылар - 45

З.Раимбекова өз баяндамасында «Дүние жүзін жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын жайып барады. Баға жетпес байлығымыз – денсаулықтың қадірін түсінбей, өз өміріне өз қолдарымен балта шауып жүрген жандар қаншама! Бір сәттілік ләззат үшін шоқ басудың негізгі себебінің бірі – еліктеушілікке салыну...» - дей келе, нашақорлықтың алдын алуға байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушылар мен мектеп мұғалімдерінің қойған сауалдарына жауап берді.
Дәріс соңынан мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Қатабаев сөз алып, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, оқушылардың өмір қауіпсіздігі, мектепішілік тәртіп ережелері, сабақтан себепсіз қалмау, түнгі рейд, алдағы демалыс күндеріндегі тәртіп мәселелері туралы, т.б. мәселелер туралы айтып өтті.

23 қазанда мектеп психологы З.Раимбекова 10-11 сынып оқушыларымен «Өмірдегі өз ағысыңды тап!» тақырыбымен тренинг өткізді. Тренингтің тақырыбындағы «Өмір» деген сөзге мағлұмат беру мақсатында бір шумақ өлең оқылып, тренингтің жүру жағдайы түсіндірілді. Оқушылар үлкен шеңберге тұрып, мұғалімнің жасаған қимылдарын қайталады. Әрбір жасалған іс-қимыл өз ретімен жүріп отырды. Содан кейін «орын иемдену» ойыны ойнатылды. Бұл ойынның негізгі мақсаты: көңіл-күйді көтеру. Ойында үш рет ұтылған Әбдіқадір Сәния, Маханбетқұл Балжан, Сәрсен Аяулым, Бейшен Динара, Бихан Ақбота өз өнерлерін ортаға салды. Ал жеңімпаз атанған Байжұман Балаусаға алғыс білдірілді.
Тренингті қорытындылай келе З.Раимбекова оқушыларға өмірдің қымбат екенін, өз өмірімізді бағалай білу керектігін түсіндірді.
23-24 қазан күндері 8-11 сынып оқушыларынан Бопсалау, зорлық-зомбылық, жыныстық тиіспеушілікке жасырын сауалнама алынды. Сауалнамаға жалпы саны 46 оқушы қатысты. Сауалнама нәтижесі бойынша ешқандай бопсалау, күш қолдану, зорлық-зомбылық, қысым көрсету жағдайлары анықталған жоқ.

25 қазанда мектеп мұғалімдерімен өткен жиналыс барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Қатабаев мұғалімдермен Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 51 бабының 3 тармағының 9) және 10) тармақшаларында көзделген талаптарды (9) білім алушылар жасаған, оның ішінде білім алушыларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар фактілері туралы не өздеріне белгілі болған, білім беру ұйымдарынан тыс жерде болған осындай құқық бұзушылықтар жасау фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға; 10) өмірде қиын жағдайға тап болған баланы анықтағаннан бастап бір жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесі органдарына хабарлауға міндетті) түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ата-аналар арасында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 49 бабының 2 тармағында көзделген талаптарды (1) балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге; 2) балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке беруді айқындай отырып, мектеп алды даярлығын қамтамасыз етуге; 3) білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға; 4) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге; 5) білім беру ұйымы жұмыскерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге; 6) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға; 7) білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті) түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.
5-8 қараша күндері 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Муриева «Қатыгездіксіз әлемді қалай орнатуға болады?» деген тақырыппен эссе байқауын ұйымдастырды. Байқау нәтижесінде 11-сынып оқушысы Кенжебек Аружан жеңімпаз атанды.
9 қараша күні педагог-ұйымдастырушы Г.Сейдалиева және тәлімгер Ж.Аширбаева «Әкем, анам және мен – спорттық отбасы!» тақырыбымен отбасылық сайыс ұйымдастырды. Отбасылық сайысқа 5 команда қатысты. Тартысты өткен сайыс қорытындысында «Алау» командасы (Уасиповтар отбасы) жеңімпаз атанды.
10-20 қараша күндері айлық аясында «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбымен онкүндік өтті. Онкүндік аясында барлық сыныптарда «Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбымен бірыңғай сынып сағаттары өтті.
12 қараша күні сағат 11:30-да 8-11 сынып оқушыларымен жиналыс өтті. Жиналысқа АІІБ ЖПҚ ЮПТ инспекторлары, полиция капитандары Ә.Жұмашев және С.Сариев қатысты.
Қатысқан оқушылар саны – 46

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1. Құқық бұзушылықтың алдын алу, мектепке смартфон ұялы телефондарын әкелмеу туралы.
2. Өндірушісі күмән тудыратын, құрамында адам ағзасы үшін зиянды психотропты заттары бар кондитер өнімдерін пайдаланбау туралы.
3. Әр түрлі мәселелер.

Полиция капитаны С.Сариев ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442 бап 2-бөлімінде көрсетілгендей кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі сағат 23.00-ден таңғы сағат 06.00-ге дейін үй-жайдан тыс жерлерде жүруге болмайтынын және 127 бап бойынша 10 күн себепсіз сабақтан қалған жағдайда айыппұл салынатынын, мектепке смартфон ұялы телефондарын ұстап келуге қатаң тыйым салынатынын ескертті.
С.Сариев оқушыларға өндірушісі күмән тудыратын, құрамында адам ағзасы үшін зиянды психотропты заттары бар кондитер өнімдерін пайдаланбау керектігін қатаң ескертті. Сондай өнімдерді саудалап жүрген күмәнды азаматтарды байқап қалған жағдайда мектеп мұғалімдеріне, АІІБ-не жедел түрде хабарлау қажеттігін айтып өтті. Сөз соңында С.Сариев аудан көлемінде орын алған бірқатар мәселелерге мысалдар келтіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

12-13 қараша күндері 5-11 сынып оқушылары, жалпы саны – 95 бала (2 бала белгілі себептермен қатыса алмады) республикалық балалардың құқықтық сауаттылығын анықтау, әлеуметтік жағдайын саралауға арналған он-лайн сауалнамаға қатысты.
19 қараша күні мектеп психологы З.Раимбекова және ДТІЖО С.Қатабаев «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбымен 5-7 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізіп, Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциямен таныстыру жұмысын жүргізді.
Айлық барысында мектепішілік мобильдік топ мүшелері 4 рет «Түнгі ауылдағы балалар», «Көше» рейдтеріне шықты. Жүргізілген рейдтер барысында көңіл көтеретін ойын-сауық орындарына барған, түнгі сағат 23.00-ден таңғы сағат 06.00-ге дейін үй-жайдан тыс жерлерде жүрген мектеп оқушылары анықталған жоқ. Мектепке смартфон ұялы телефондарын ұстап келуге қатаң тыйым салынды және мектеп әкімшілігі тарапынан күнделікті қадағалау жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы алғанда айлық барысында ешқандай құқық бұзушылық оқиғалары, келеңсіз жағдайлар орын алған жоқ.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив