№14 Бейімбет Майлин атындағы орта мектебінде 25.10.2019 жылы «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» тақырыбымен өткен бірыңғай сынып сағаттары
№14 Бейімбет Майлин атындағы орта мектебінде Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 23.10.2019ж. №13-2726 хатына байланысты 2019 жылғы 25 қазанда сағат 12.00-де 1-11 сыныптарда «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті. Бірыңғай сынып сағаттарына жалпы саны 167 бала және 21 ата-ана қатысты.
Бірыңғай сынып сағаттарын өткізу барысында сынып жетекшілері «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты бірыңғай сынып сағатын өткізу ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН басшылыққа алды.
Сынып сағаттары барысында отбасы тәрбиесінің өзектілігі, баланың тұлға ретінде қалыптасуындағы отбасының рөлі туралы ауқымды ақпарат берілді.
Бірыңғай сынып сағаттарында сынып жетекшілері АКТ-ны пайдаланып, отбасы құндылықтары, салт-дәстүрлер, мерекелер туралы фильмдер мен бейнематериалдар, презентациялар көрсетуді ұйымдастырды.
Мектеп дәлізінде «Отбасым – бақыт мекенім!» тақырыбымен фотокөрме ұйымдастырылды.







