Жалпыреспубликалық бірыңғай "Адалдық сағаты"
Жуалы ауданы әкімдігінің
білім бөлімінің басшысы
М.М.Айжановқа
№14 Б.Майлин атындағы орта мектебінде 02.09.2019 ж. өткен «Адалдық сағаты» туралы мәлімет
Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 27.08.2019ж. №13-2135 хаты негізінде ағымдағы жылдың 2 қыркүйегі күні сағат 10.00-де №14 Б.Майлин атындағы орта мектебінде бірыңғай «Адалдық сағаты» өтті.
«Адалдық сағатының» мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында адалдық пен парасаттылық құндылықтарын, рухани адамгершілік және азаматтық-патриоттық мінез-құлық тәрбиелеу болып табылады.
9, 10, 11-сынып оқушыларының қатысуымен мектептің мәжіліс залында өткен «Адалдық сағатына» Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің сектор меңгерушісі Г.А.Сыпатаева қатысты. Г.А.Сыпатаева оқушыларды жалпыреспубликалық «Адалдық сағатының» тезистерімен таныстырды. Гүлсім Ақылбекқызы 4 құндылық - Адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім туралы оқушыларға кең көлемде мағлұмат берді.
Сөз кезегін алған мектеп директоры С.Ж.Жайықбаев Сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында мектепте атқарылып жатқан жұмыстар, алда тұрған мақсат-міндеттер туралы баяндап өтті.
«Адалдық сағаты» барысында оқушылар слайдтармен жұмыс жасады, бейнероликтер көрсетілді.
«Адалдық сағатын» мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Қатабаев төмендегідей өлең жолдарымен қорытындылады:
Қазақ елі байтақ болсын десеңіз, Егеменді өсер елде тұрам Мен,
Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз. Білдіремін сезімімді жыр-әнмен.
Сонда ғана жер гүлденер, ел байып, Жолыменен Елбасының жүрейік,
Сонда ғана шарықтаймыз, өсеміз! «Жемқорлыққа жол жоқ!»-деген ұранмен!
Мектеп директоры: