1 қыркүйек - Білім күні
Жуалы ауданы әкімдігінің
білім бөлімінің басшысы
М.М.Айжановқа
№14 Б.Майлин атындағы орта мектебінде 01.09.2019ж. өткен
Білім күні туралы мәлімет
№14 Б.Майлин атындағы орта мектебінде Білім күні мектеп ауласындағы Ұлы Отан соғысына қатысқан ауылдастарымызға арналып тұрғызылған ескерткіш-тақтаға гүл шоқтарын қоюдан басталды.
Білім күніне арналған «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ!» атты салтанатты жиын мектеп ауласында өтті. Мерекеге орай мектеп ауласы тақырыптық тәрбие көрнекіліктерімен, жалаушалармен, шарлармен, қанатты сөздермен безендірілді.
Жоспарға сәйкес салтанатты жиын барысында ҚР мемлекеттік Гимні орындалып, Туы көтерілді.
Салтанатты жиынды мектеп директоры Жайықбаев С. ашып, оқушылар мен ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ақ жол тіледі. Білім ошағына қабылданған ұстаздарды таныстырып шықты.
Салтанатты жиынның қонақтары – Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің сектор меңгерушісі Г.А.Сыпатаева, Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Ғалиұлы Қуаныш және Қарасаз ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы Б.Т.Анарбаев сөз алып, жиналғандарды білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылына жаңа табыстар тіледі.
Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған оқушыларға ауыл ақсақалы Ә.Бұзауқұлов бата беріп, әжелер шашу шашты.
Сөз кезегі арасында мектеп оқушылары ән-шашулар жолдап отырды.
Оқу жылының алғашқы қоңырауын 1-сынып оқушылары Қырықбай Нұрасыл және Мырзахан Кәусар соқты.
Салтанатты жиын соңынан оқушылар сынып кабинеттеріне кіріп, 2 қыркүйек күніне арналған сабақ кестелерімен танысып, үйлеріне қайтты.
Мектеп директоры: С.Жайықбаев