Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік » Средняя школа им. Майлина
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Майлин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 35 5-24-95
Есепші бөлімі:
+7(726) 35 5-24-95
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік
14
декабрь
2018

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!
Концерттік бағдарлама

Өтетін күні: 14.12.2018 ж
Басталуы: сағ 12-00 де


Ұйымдастырушы __________ Г. Сейдалиева



Ақбастау 2018 жыл


Кеш жарық құрметті ұстаздармен оқушылар!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын.

ҚР мемлекеттік Гимні орындалады.

Жүргізуші:
Шаттық нұры шашылып зеңбіректен
Шуағын күн төгеді енді көктен
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке,
Ақ бозаттың алдынан жанды үмітте
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазастан бет алды мәңгілікке!

Қазақ халқының ең соңғы өліп-тірілуі – біздің халқымыздың қайғы қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.
16 – желтоқсан! Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай аралсқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді.
Өткенін ұмытпаған, баһадүрлерін ұлықтаған ұлан-ғайыр атырапта бүгін мереке! Бұл мереке – Тәуелсіздігімізге 27 жыл толуы! Осынау ұлық мерекеміз құтты болсын !
Бүгінгі таңның шапағатын, елдің көңіліне күн орнатқан қайсар аға-апаларымыз – Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Саду Қалтаев емес пе? Ізгілік атаулыдан күдерін үзіп, бар сенімді күйреген, рухани күйзелген балаң жігіт Қайраттың «Ақтық сөзі» артында қалды.

«Ақтық сөзің не?» деген
Бүгін қойды сот сұрақ
Айтайын оны халқыма,
Жоқ пиғыл менде жасымақ.
Қорлай да беріп қайтадан,
Титыққа орыс жетпесін.
Туған жердің намысы,
Бөтен қолда кетпесін.
Салт – санадан айырылып,
Арақтан ұрпақ азбасын.
Қызғаныштан тозбасын,
Қолдаушымыз болмасын.
Барлық ұлтпен тең болып,
Ешкімнен көңлің қалмасын.
Ендігі жерде басыңнан,
Бірлік пен бақ таймасын.
Осы айтылған ақтық сөз,
Туың болсын әрдайым.
Мойныма алып жаланы,
Мен болайын құрбаның.

Жүргізуші: Иә, бүгінгі мерекенің орны өзгеше. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз. Осы орайда, тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарымызға бүгінгі ұрпақ тарапынан тағзым ретінде бір минут үнсіз еске алсақ. (Барлығы орнынан тұрады)

(Патриоттық тақырыптағы ән орындалады)

Жүргізуші:
Бостандығым! Тосқан күнім ажалдан,
Жиырма бес жыл – аспан кірсіз, ажарлы ән.
Сен келгенде серпілгенмін қайғыдан,
Сен келгенде сары мұңнан тазарғам.

Желтоқсан туралы жаттау 4-сынып оқушылары

Жүргізуші: Бабаларымыздың қанымен, ақ білектің күшімен, найзасының ұшымен келген киелі де қасиетті тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгені баршамызға мәлім болса керек-ті. Ұлық мерекеміздің аясында тәуелсіздік жолында еліміздің жүріп өткен қадамдарына назар аударып көрелік.

(Желтоқсан туралы видео көрсетіледі)

Жүргізуші: Бойларыңыз шымырлап, рухтарыңыз бір асқақтап қалған шығар, сірә?
Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. Аңсатқан азаттық жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны анық.
Жүргізуші: Қазіргі таңда Тәуелсіздік күні – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты, ұлтымыздың ұлы мұраты.
Жүргізуші: Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз – тәуелсіздік. Азаттықтың тамыры тым тереңде. Талай ғасырлар қойнауына көз жіберіп қарасаңыз, осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен, қандай азаппен келгенін түсінесіз. Отан, туған ел, халық ұғымын тәуелсіздіктен бөліп қарастыра алмаймыз. Барлығы тамырлас, бір-бірімен байланысып жатқан өзегі бір ұғым. Тәуелсіздіктің иесі – халық, халықтың анасы – Отан.

Ән:

жүргізуші: Иә.... Осынау самарқау кезеңнің ұрпағы бола тұра мына біздер тәуелсіздіктің арқасында еркін шалқып өмір сүрудеміз.
Бәйгеге ат жіберсек те, кең далада көсіліп ойнасақ та, билесек те, ән айтсақ та осының бәрі бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз, аманат болған азаттықтың арқасы. Ендеше, татулық пен тұрақтылық аясында өмір сүріп, бейбітшілік, туын биікке көтерген Қазақстан халықы жаңа әлемнің жарқын жаңалықтарына ұмтыла бермек.
1-жүргізуші: Сен десе тыным таппаймын мазамдай мүлдем,
Сен десе жаным жаһанға тажалдай күлген
Сен менің ұлы мұңымсың тағдырым егіз
Сен менің ұлы жырымсың жаза алмай жүрген.

Ән:
2-жүргізуші: Құрметті жиналған көпшілік қауым, осымен біздің бүгінгі "Тұғыры биік Тәуелсіздік" атты кешіміз өз мәресіне жетті. Еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай. Келесі көріскенше


Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив