№14 Б.Майлин атындағы орта мектебі директорының Қамқоршылық кеңесінің алдында есеп беру жиналысынан 14.05.2019ж. » Средняя школа им. Майлина
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Майлин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 35 5-24-95
Есепші бөлімі:
+7(726) 35 5-24-95
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №14 Б.Майлин атындағы орта мектебі директорының Қамқоршылық кеңесінің алдында есеп беру жиналысынан 14.05.2019ж.
21
май
2019

№14 Б.Майлин атындағы орта мектебі директорының Қамқоршылық кеңесінің алдында есеп беру жиналысынан 14.05.2019ж.

2018/2019 оқу жылының қараша айында мектепішілік пәндер олимпиадасы болып өтті. Пән олимпиадасына 9,11 сынып оқушылары қатысты. 7 оқушы аудандық пән олимпиадасына жолдама алды. Тарих пәнінен 10 сынып оқушысы Әбдіқадыр Сания ІІ орын. Жетекшісі Қатабаев Санат. Ағылшын тілі пәнінен 9 сынып оқушысы Қаржаубаева Аяулым ІІІ орын. Жетекшісі: Қойшиева Ақерке. Қазақ әдебиетінен 9 сынып оқушысы Алтыбай Ажар ІІ орын алды. Жетекшісі: Муриева Нұргүл. Географиядан 9 сынып оқушысы Лесбек Диана ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Әміре Алмас.

16  желтоқсан  Тәуелсіздік   мерекесіне  орай  «Тәуелсіз  ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен оқушылар арасындағы республикалық «Досыма хат» атты шығарма жазу  сайысына қатысып, 9 сынып оқушысы Лесбек Диана І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Муриева Нұргүлге Алғыс хат берілді.

Тараз қаласында өткен «Сабақты жоспарлауда педагогикалық құралдарды қолданудың тиімді жолдары» тақырыбындағы облыстық семинарға орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жазықбай Гүлбахира қатысып, сертификатталды.

Мектебімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің аудандық форумы өтті. Форумға жас өлкетанушылар қатысты. «Ұлы даланың жеті қыры » тақырыбында 8 сынып оқушысы география пәнінен Әлжан Маржан ғылыми жоба қорғап, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды және Республикалық білім беру ұйымдарының педагогтары мен білім алушылар арасында өткен «Білім берудегі ұлттық құндылықтар мен инновациялық идеялар» атты байқауда ғылыми жұмысын қорғап, үздік жоба номинациясын және диплом алды. Жетекшісі:Әміре Алмас. 

Аталған «Табиғатты аяла» атты форумда «Қалдықтардан жасалған бұйымдар» номинациясы  бойынша 8 сынып оқушысы Наурызбай Жансерік көркем еңбек пәнінен жасаған бұйымдарын қорғап, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Бояулар құпиясы» атты аудандық жас суретшілер байқауына қатысып, Қырықбай Сымбат ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Отандық қолөнер мәдениетінің дәстүрлеріне жеке қызығушылықтарын ояту мақсатында ұйымдастырылған «Үздік жас өнерпаз» байқауында 6 сынып оқушылары Қадырбек Нұрәли ІІ орын, ал Әбдіқұл Нұрәлі ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Тілеуберді Майра және Шерімбаева Анафия.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық «Алтын тобылғы» зияткерлік олимпиадасында 11 сынып оқушысы Байжұман Балауса, 10 сынып оқушысы Әбдіқадыр Сания, 9 сынып оқушысы Лесбек Диана ІІ орынді иеленді. Ал Бейшен Динара, Қаржаубаева Аяулым, Нұрмахан Сымбат, Алтыбай Ажар, Маханбетқұлова Инабат ІІІ орын алып арнайы дипломдармен марапатталды. Жетекшілері: Каржаулова Дильвара және Муриева Нұргүл.

26-28 ақпан аралығында Қазақстан Инженерлі-Педагогикалық Халықтар Достығы Университеті базасында өткен Х Республикалық пән мұғалімдері білім олимпиадасына математика пәнінің мұғалімі Бурашев Ерсайн қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Нұр Отан» партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға, ауданның қоғамдық-саяси өнеріне белсене араласқаны үшін Аяужан Мақұлбекова және Бозтай Анар Құрмет грамотасымен марапатталды.

Астана қаласының 20 жылдығына орай білім беру ұйымдарының педагогтар арасында өткен «Үздік орыс тілі пәні мұғалімі -2018 ж » атты республикалық байқауға орыс тілі пәні мұғалімі Жазықбай Гүлбахира және қазақ тілі пәнінің мұғалімі Каржаулова Дильвара қатысып, дипломмен марапатталды. Мақаласы жарық көрді.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жазықбай Гүлбахира вице - министр Э.Суханбердиеваның Алғыс хатымен марапатталды.

Зияткер – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым порталында авторлық материал жариялаған үшін география пәнінің мұғалімі Әміре Алмас және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қарабаева Айжан сертификат және Құрмет грамотасына ие болды. 

Республикалық BILIM kz педагогикалық журналына «Оқытудың жаңа технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі және директордың оқу орынбасары Бексейтова Майраның авторлық материалы жарық көрді.

Республикалық «Қазақстан ұстаздары» бастауыш сыныптар арасында өткен олимпиадасына бастауыш сынып мұғалімі Күдериева Ұлбосын қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңының жүзеге асырылуы аясында өткен іс-шараға белсене араласқаны үшін директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қатабаев Сағынбек марапатталды. 

Ұлы Жеңістің 74 жылдығына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 27 жылдығына арналған ХҮ- облыстық командалық байқауда Әндетіп жүріп өтуден І орын және әскерилендірілген эстафетадан ІІ орын жеңіп алды. Жетекшісі: Жұмағұлов Медеубек.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив