«Күз Ханзадасы мен Ханшайымы 2019» » Средняя школа им. Майлина
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Майлин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 35 5-24-95
Есепші бөлімі:
+7(726) 35 5-24-95
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы 2019»
18
октябрь
2019

«Күз Ханзадасы мен Ханшайымы 2019»

Тақырыбы: «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы 2019»
 
Мақсаты:
 
1. «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы  2019» сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын және күз ханшасын анықтау. Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау.
 2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
 3. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
 Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
 Мерекелік безендіру: Күзге байланысты қабырға газеттері мен шарлар ілу, жапырақтар, жеміс - жидектер, көкөністер т. б.


 1-Жүргізуші:

 Армысыздар, мейірімді ата - аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. 

2-жүргізуші: Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата - бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып,«Аяулы күз, Алтын күз » мерекесімен құттықтаймын.
 
 1-Жүргізуші:Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
 Көңілді серіппелі күйін ашсын.
 Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
 Береке бірлікпенен ортақтассын.
 Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
 Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
 2-жүргізуші: Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
 Келтіретін әрдайым сезім күйін,
 Көресіздер қызықтың неше түрін 
 Әншінің анықтаған әнін естіп,
 Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.
 Осылай бәрі - бәрі болып жатса,
 Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.
 

1-жүргізуші: Сайыс бес бөліммен тұрады:
 1 - бөлім: «Тегімді менің сұрасаң...» (өзін таныстыру)

2 - бөлім: «Өнерлі бала – елдің көркі» (өнер сайысы)
 3 - бөлім: «Сұлулық сыры» (сән үлгісі)
 4 - бөлім: «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ - жауап)
 5 - бөлім: «Күзгі сый»

2-Жүргізуші:
 Нағыз сары алтындай сары күз - қыркүйек айы. Ол - еңбек айы. Күз маусымының екінші ай – қазан. Бұл ай – мереке басы. Өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы - қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп - тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айырылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.
 1
-жүргізуші: Күз мейрам құтты болсын баршаға, Күздің сәні келіп қапты ортаға. Әділқазы алқалармен таныстырып, Кетейінші осы отырған баршаңа,- дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

1.

2.

3.

4.

5
 2-Жүргізуші:
 Біздерде ойын - сауық басталады,
 Тамаша ән айтылып, би билейді.
 Қошеметтеп қол соғып отырайық,
 Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
 Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
 Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе - тең ғып
 Еріксіз өзімізге қаратамыз - деп «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы» атты байқауымызға қатысатын үміткерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз. 
2-1-жүргізуші: Бүгінгі балымыздың үміткер ханзадалары мен ханшайымдары.
 Қош келдіңіз.
 «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы» кешіне.
 Отырыңыз қол соғып,
 Шат күлкіге бөлене.
 Көбейді құт - береке,
 Астық толы қоймамыз.
 Құтты болсын мереке,
 «Алтын күзді» тойлаймыз.
 Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, алдымен топтың қайсысы бірінші болып шығатынын анықтап алайық. Ол үшін жеребе тартса дейміз ханзадалар.
 2-Жүргізуші: Құрметті көпшілік көрерменім,
 Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.
 Ақжол тілеп үкілі үміттерге,
 Таныстыру шартына кезек бердім.

1- Жүргізуші: Ендеше бірінші шартымыз «Кел танысайық» үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы. 

8 сынып:

9 сынып:

10 сынып

 Олай болса, ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік.
 «Кел танысайық» бөліміне бағасын берсеңіздер екен.
 
 

2-Жүргізуші: Асыл тастан, өнер жастан, Шығады деп дарынды.
 Халық айтса, қалт айтпас,
 Әрқашанда нанымды
 Сол шындықты күнделікті,
 Көріп жүрміз өмірден.
 Өнерімен танысайық,
 Тілекші боп көңілден. Ортада сайыскерлеріміздің «Өз өнерлерін»тамашалайық.
 8 сынып:

9 сынып:

10 сынып: 

Олай болса, ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік.
 «Өз өнері» бөліміне бағасын берсеңіздер екен

1-Жүргізуші: Күз келді, хан мен ханшайым,
 Өткізді күзгі бал айын.
 Ағызар сөйлеп сөз майын,
 Ал ханымыз ақылды.
 Барша жұртты шақырды,
 Би де билеп ән айтты.
 Қуаныштан шалқыды.
 «Қас - қағым сәт».(Күз мезгіліне байланысты сұрақтарға жауап беру) кезек берейік.
 Әділқазылар алқасын алдында дайындалған Күз мезгіліне байланысты  сұрақтар берілген 

1 - сұрақ: Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды? - Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады. Адамдар, балалар жылы киінеді. 

2 - сұрақ: Жұмбақ шешу. Ағайынды бәрі,
 Шықса – жасыл,
 Түссе – сары. Бұл не?
 Жапырақ 

3 - сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? - Ерте күз, алтын күз, қара күз. 

4 - сұрақ: Күз айларын ата. - Қыркүйек, қазан, қараша.

5 - сұрақ: Жұмбақ шешу. Аспай піскен, қайнамай түскен.
 - Жеміс. 

6 - сұрақ: «Мақал - мәтелді жалғастыр»
 1. Еңбек түбі --------------------
 2. Еңбек етсең ерінбей -------------------- 

7 - сұрақ: Бес жеміс - жидектерді атап беру. - Алма, алмұрт, жүзім, өрік, шабдалы.

 8 - сұрақ: Бес көкөністерді атап беру. - Пияз, қызанақ, орамжамжапырақ, картоп, сәбіз.
 Әділқазылар бағаларын берсе.
 2-Жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
 Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.
 Күз сәні өнерімен ортаға шығып,
 Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен
 - деп қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған «Күзгі ханзада мен ханшайымды» (күзгі сән үлгілерін көрсету) сән үлгісінде ортаға шақырамыз. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.
  Әділқазыларға бағаларын  берсе 

1-Жүргізуші: Көрсетеді өнер әр салада сайысып, Қимылдары жүргендей бір жай ұшып Мерекелік күзгі сыйды жасапты, Ұлдарымыз бен қыздарымыз бірлесіп. «Күз сыйы».

Жәнеде әділ қазылар алқасы да қарап бағалап жіберсе.

Әділқазылар өз шешімін шығарып дайын болғанша 5 сынып оқушыларынын ән 
 
 2-Жүргізуші: Білім - теңіз, мектеп кеме дейміз, Білім мен тәрбие егіз неге дейміз, Әдемі мен тәлімі үндесетін, Жастарды болашаққа жетелейміз. Жеңістер мен жеңілістен тұратын Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын. Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің, Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын. Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар, Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- деп отырып бүгінгі «Күз Ханзада мен Ханшайым» байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін ортаға құрметті әділқазылар алқасын шақырамыз. 

Құрметті көрермендер! Жеңімпаздарымызға биік шындарды бағындырып биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз! Жеңісті күндерде кездескенше!!!!!!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив