17
март
2021
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ – БАСТЫ НАЗАРДА!


2021 жылдың 17 наурыз күні білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен Zoom платформасы арқылы «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»-«Серпін» әлеуметтік бағдарламасы аясында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Жамбыл облысының бітіруші түлектерімен онлайн-кездесу өтті.Онлайн кездесудің мақсаты:
-🔷«Серпін» жобасын іске асыру барысымен ақпараттандыру;
🔷Жастардың жұмысшы кәсіптер (мамандықтар) алуға деген оң көзқарасын қалыптастыру;
🔷«Серпін» бағдарламасы бойынша грант негізінде оқуға түскен студенттердің жалпы жағдайымен танысу;
Іс-шараға аталған бағдарламаға жауапты тұлғалар, аудандық білім бөлімдерінің жауапты мамандары, әдіскерлер, ЖОО-ның өкілдері, мектебіміздің 9,11 сынып оқушылары қатысты.