Қазақстан Республикасының Конституция күні
Жуалы ауданы әкімдігінің
білім бөлімінің басшысы
М.М.Айжановқа
Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
15.08.2019ж. №13-2053 хатына жауап
№14 Б.Майлин атындағы орта мектебінде 2019-2020 оқу жылының басы Конституция күніне арналған іс-шаралардан бастау алды.
Атап айтқанда, мектеп кітапханасында 26.08-02.09 күндері кітапханашы Ғ.Досыбаева «Елдіктің асыл тірегі – Ата Заң!» атты тақырыппен бұрыш жасап, оқырмандар конференциясын ұйымдастырды.
28.08.2019ж. мектепте педагог-ұйымдастырушы А.Жолдасованың ұйытқы болуымен «Ата Заңым – айбыным!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шара аясында мектеп дәлізінде «Менің Қазақстаным!» тақырыбымен оқушылар суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Мектептің спорт алаңында «Ата Заңым – тірегім!» айдарымен оқушылар арасында түрлі спорттық жарыстар өткізілді.
Мектеп спортзалында мерекеге орай волейболдан жарыс өтті. Бұл жарысқа мұғалімдер, мектеп техникалық қызметкерлері және ауыл жастарынан жасақталған командалар қатысты. Жарысқа мектеп ұжымы демеушілік жасады.
29.08.2019ж. мектеп мұғалімдерінің және техникалық қызметкерлерінің қатысуымен «Конституция – Тәуелсіздіктің тірегі» тақырыбымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді мектеп психологы З.Раимбекова жүргізді. Дөңгелек үстел барысында ҚР Конституциясының негізгі ережелері ұжым арасында насихатталып, қазақстандық патриотизмді нығайту туралы өзекті мәселелер сөз болды.
Конституция күніне орай мектеп ұжымы толық емес, аз қамтылған отбасынан шыққан 4 балаға киім-кешек және оқу құралдары түрінде материалдық көмек көрсетті.
Мектеп директоры: С.Жайықбаев
30 тамыз – Конституция күніне байланысты өткізілген іс-шаралар
26.08.2019ж. - 29.08.2019ж. №14 Б.Майлин орта мектебі