БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН
БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН Бейімбет (Бимағамбет) Жармағанбетұлы 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Майлин кеңшарында) дүниеге келген. Жастайынан әкеден жетім қалған Бейімбет ауыл молдасынан хат танып, сауат ашады, өнерге әуестеніп өседі. 1910-1912 жылдары Ә.Арғынбаевтың медресесінде оқып, 1913-1914 жылдары Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, одан кейін Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде оқыды. Сол жылдары өзі секілді