№14 Бейімбет Майлин атындағы орта мектебінде 10 ақпан күні
№14 Бейімбет Майлин атындағы орта мектебінде 10 ақпан күні физика пәнінің мұғалімі Бозтай Анар Мирбекқызы "Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері" тақырыбында Zoom платформасы арқылы ашық сабақ өткізді. Сабақта алдыңғы білімді қамти отырып, терминдер мен сұрақтарға ағылшын тілінде жауап алынды. Оқушылардың физика ғылымын ағылшын тілінде меңгеруіне жол ашылып отыр.