20
май
2021
№14 Бейімбет Майлин атындағы орта мектебінің 2020-2021 оқу жылына арналған атом энергетикасы саласында жастармен жұмыс
№14 Бейімбет Майлин атындағы орта мектебінің «Атом энергетикасы»
саласына байланысты мектеп оқушыларымен жүргізілген іс-шаралар
туралы мәлімет
№14 Бейімбет Майлин атындағы орта мектебінде Жуалы ауданы әкімдігі білім бөлімінің 04.11.2020 жылдың №13-3-421 хатына сәйкес 2020-2021 жылдарға арналған атом энергетикасы саласында жұмыс жүргізу бойынша жасалған жоспарға сәйкес 20.05.2021 жылы физика пәнінің мұғалімі Бозтай Анар 9 сынып оқушыларына «Атом ядросының байланыс энергиясы» тақырыбында шеберлік сағатын, «Энергия түрлері» тақырыбында қорытынды танымдық сағат өткізді. Іс-шара барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты. Ағымдағы оқу жылында оқушылар «Атом энергетикасы» саласына байланысты көптеген тың ақпараттарды меңгеріп, өз білімдерін жетілдірді.